AirVision.kz

тәуелсіз қоғамдық қоры

2020 жылдың қаңтарында екі кәсіпкер — Берік Қаниев пен Алексей Ли Алматы ауасының сапасын жақсартуды мақсат етіп, AirVision.kz тәуелсіз қоғамдық қорының негізін қалайды.

Бірер жылда Алматы ауасын тазарту үшін Қор мемлекеттік органдармен, азаматтық сектормен, қазақстандық және шетелдік зерттеушілермен, сондай-ақ сарапшылар қауымдастығымен серіктестік орнатпақ.

Берік Қаниев — Lancaster Group акционері және директорлар кеңесінің төрағасы, Республикалық физика-математика мектебі директор кеңесінің төрағасы, балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жас Қыран» футбол орталығының президенті.

Алексей Ли — Arbuz.kz азық-түлік жеткізу сервисінің атқарушы директоры, іс-шараларға билетті онлайн сатумен айналысатын Ticketon.kz сервисінің және әуе билеттерін онлайн сататын Aviata.kz сервисінің негізін қалаушылардың бірі.

Қор Мақсаты

Қоғамдық мониторинг
Жұрттың ауа сапасы туралы білімін зерделейтін, ақпараттандыратын жобаларға қолдау көрсетеміз.
Экологиялық тәрбие
Алматы ауасының ластану себебі мен салдары туралы жұрт білімін арттырамыз. Табиғи ресурстарға қамқорлықпен қарайтын әдет қалыптастырамыз.
Тұрақты дамытуды қолдау
Қазақстан Республикасының тұрақты дамыту мен экологияны жақсарту саласындағы заңнамасына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы бастама көтереміз.
Жобаларды қаржыландыру
Алматы ауасын жақсартуға, қоршаған ортаны сақтап қалуға бағытталған жобаларды қаржыландыруға көмектесеміз. Жобалар көздеген мақсатына жеткенше бақылап отырамыз.
Аналитика орталығын дамыту
Қалаларды тұрақты дамыту саласындағы эксперттік-аналитикалық орталық құру бойынша жұмыс істейміз. Алматы ауасы мен қала тұрғындарының денсаулығына әсер ете алатын жобаларды қоғамдық талдау институтын дамытып, нығайтамыз.
Қоғамдық мониторинг
Жұрттың ауа сапасы туралы білімін зерделейтін, ақпараттандыратын жобаларға қолдау көрсетеміз.
Халық пен әкімдік арасын байланыстыратын көпір құру
Мекемелер мен жергілікті атқарушы органдар серіктестік орнататын алаң құрамыз. Бұл алаң қоғам бастамаларын қабылдап, оны іске асыруға септеседі.

Алматы ауасы

Алматы ауасының ластануы ауқымды да өзекті мәселе екені даусыз. Біз қазіргі ахуалды өзгертуге әзір, мәселеге бей-жай қарамайтын тұрғындар қауымдастығын құрып жатырмыз.

1
Әрбір үшінші алматылық тыныс алу жүйесі ауруларына шалдыққан Informburo.kz
2
Алматыдағы лас ауаға байланысты денсаулық сақтау саласынан 486 млн доллардан аса қаржы жұмсалған Newtimes.kz
3
Қазақстан ауасы ең лас елдер тізімінде 70-орында тұр Air Quality Life Index
4
Алматы ауасындағы зиян бөлшектер мөлшері күн сайын дерлік тәулік нормасынан асып кетеді. Airkaz.org
5
Ауадағы қатты бөлшектер мөлшерін 1 микрограмм/куб метрге азайтсақ, жылына 56,7 млн доллар үнемдейміз Newtimes.kz

Қайтпек керек?

Что необходимо предпринять 1
Ауа сапасын бақылайтын сенімді жүйе құру
1
Что необходимо предпринять 2
ЖЭО-2 мен ЖЭО-3-ті жаңарту
2
Что необходимо предпринять 3
Жеке секторды газдандыру
3
Что необходимо предпринять 4
Көлік жүйесін жақсарту
4

Біз, Алматы тұрғындары, бәріміз — әкімдік қызметкерлері де, кәсіпкерлер де, қоғам белсенділері де бір ауамен тыныстап жүрміз. Ауа — бәрімізге ортақ нәрсе. Сондықтан сенімім мол. Шын іс тындырып жүрген әрбір конструктивті күшпен жұмыс істеуге әзірміз

Берік Қаниев
қор құрылтайшысы, кәсіпкер

Қазір Алматы ауасының сапасын бақылайтын толыққанды жүйе жоқ. Дерек шашыраңқы, оның үстіне жеткіліксіз. Мемлекеттік органдар мәліметіне қоғам белсенділері сенбейді, белсенділер дерегіне билік нанбайды. Осы мәселені шешу үшін азаматтық және мемлекеттік сектордағы серіктестерімізбен бірігіп, қорытындысын бәрі мойындайтын бірыңғай жүйе құруға дайынбыз. Мұндай мониторинг жүргізбейінше, тараптар «Кім ауаны көбірек ластайды — ЖЭО ма, көлік пе, әлде жеке сектор ма?» деп дауласа бермек

Алексей Ли
қор құрылтайшысы, кәсіпкер